Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбеталиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, Лондон экономика және саяси ілім мектебін (тағылымдама) бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — құқықтану, қаржы бакалавры. Еңбек жолын 1997 жылы «КазЮжBодСтрой» АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады.
2020 жылғы желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры қызметін атқарды.