Бір күнде 31 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Атырау қаласында бір тәулік ішінде 31 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

22 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала аумағында 31 жол-көлік оқиғаcы тіркелді.

Мысалы, 22 ақпан күні сағат 13:50 шамасында 2001 жылғы азамат тізгіндеген «Ваз 21093» маркалы автокөлігі Береке ықшамауданында орналасқан үйлердің бірінің тұсында метеорологиялық жағдайды ескермей, алдында тұрған «Yutong» маркалы автокөлікке соқтығысқан.

Бұдан басқа, сол күні сағат 19:09 шамасында 21 жастағы азамат «Volkswagen Tiguan» маркалы автокөлігімен Абай–Махамбет көшелерінің қиылысында бір бағытта келе жатқан «Kia Rio» маркалы автокөлікке соқтығысқан.