Есірткі сатқан азамат ұсталды

Жылыой ауданы Полиция бөлімінің​ қызметкерлері есірткі сату фактісін анықтады. Бұл туралы Атырау облыстық ПД хабарлайды.

​Жылыой аудандық полицейлеріне белгісіз ер азаматтың есірткіні пайдаланумен және таратумен айналысады деген жедел ақпарат келіп түскен. Аудандық тәртіп сақшылары облыс көлеміндегі «Дәрмек» жедел іс-шараларын жүргізу барысында 1977 жылы туған ер азаматты өзінің үйінде ұстады.
Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» сотқа дейінгі тергеу басталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.