Елдегі ең жоғарғы зейнетақы көлемі қанша?

Қазақстанда ай сайын төленіп отырған ең жоғары зейнетақы көлемі – 522 610 теңге. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады.

– 2021 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 73,8 миллиард теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, – делінген ақпаратта.

Оның ішінде:

— біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 млрд. теңге;

— сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 млрд. теңге;

— зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 6,5 млрд. теңге;

— мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 млрд. теңге;

— ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 2,1 млрд. теңге;

— жерлеуге берілетін төлемдер – 0,4 млрд. теңге;

— мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд. теңге.

– Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) – 25 886 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге болды, – деді ведомстводан.