Бір тәулікте 43 адам дәрігерге жүгінген

Атырауда ауа райының қолайсыздығынан бір тәулікте 43 адам жарақат алған.

Атырау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлерге өткен бір тәулікте 43 адам жүгінген. Оның төртеуі – жол-көлік оқиғасынан жарақат алған.

– Қалғаны жолда құлағаннан жарақаттанған. Дәрігерлер 7 адамның жарақатына гипс салуға мәжбүр болды. Көшеде жарақат алғандардың бәрі – ересектер, – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.