Атырау «сары» аймаққа өтті
25 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Оған сәйкес, Атырау облысы «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.
Өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясы 49 адамнан анықталса, аталған дерттен 31 науқас емделіп шықты.
Сонымен қатар, «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.
Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.