Аймақ
Құлсары құлпыра түспек
Алдағы уақытта Құлсары қаласында орналасқан орталық стадионды жаңа үлгіде көретін боламыз. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігі хабарлады. Құрылысын ТШО компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында «АВС Лимитед» мердігер мекемесі жүргізіп жатқан футбол алаңына енді 3000 жанкүйер сыятын болады. Заманға сай жабдықталатын стадион кешеніне бассейн мен спортзал, кең автотұрақ салу жоспарда бар. Сонымен…
Толығырақ »Атырауда соңғы бір айда 8 адам суға кетті
Мамыр айының ортасынан бастап Атырау облысының су айдындарында 8 қайғылы оқиға тіркелген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайтыс болғандар қатарында бір кішкентай бала бар. Осыған байланысты полиция өзен жағалауындағы демалыс аймақтарындағы рейдтерді күшейтіп, халықпен профилактикалық жұмыс жүргізбекші. Тұрғындарға негізгі қауіпсіздік шараларының сақталуын ескертіп, түсіндіру жұмыстарына көңіл бөлмек.…
Толығырақ »Атырау–Орал тасжолы қайта жаңартылады
Қазіргі уақытта республикалық маңызға ие Атырау–Орал қалалары арасындағы автомобиль жолында (75–125 шақырым) қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейтін компанияны анықтау жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабар таратты. Осылайша, ЖСҚ дайын болған соң, жолшылар тасжолдың 50 шақырымында құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісетін болады. Каспий…
Толығырақ »Жүргізушілерден 6 млн. теңге өндірілді
Атырауда «Борышкер» жедел іс-шарасы кезінде қарызын төлемей жүрген жүргізушілерден 6 млн. теңге өндірілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. Департамент қызметкерлері 8 маусымнан бері сот орындаушыларымен бірге «Борышкер» жедел іс-шарасын өткізіп жатыр. Іс-шара кезінде полицейлер Жедел басқару орталығының бақылау камералары арқылы борышын өтемей жүрген жүргізушілерді…
Толығырақ »Балық қорын пайдаланудан 121 млн. теңге пайда түскен
Атырау облысында балық қорын пайдаланушылардан бюджетке 121 млн. теңгеден астам қаржы түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың мәліметінше, көктемгі балық аулау маусымында 6 492 тонна балық ауланған. — Оның ішінде Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін екі зауыт үшін 289 бағалы…
Толығырақ »Жайықтан жас қыздың денесі шығарылды
Бүгін Атырау қаласындағы орталық көпірдің астынан 1999 жылы туған бойжеткен қыздың мәйіті табылды. Оны Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы судан алып шықты. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас қыз 13 маусым күні шамамен кешкі сағат 23:20-да көпірден өз-өзіне қол жұмсау мақсатында секіріп кеткен.
Толығырақ »Суға кеткен жігіт әлі табылмады
Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен жігіт әлі табылмай жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Кеше, яғни 13 маусымда 27 жасар жігіт демалысын достарымен бірге Жайық өзенінің Геолог қалашығы маңындағы арнайы жабдықталмаған жағалауында өткіземін деп суға кетіп қалған. ТЖД хабарлауынша, суға кеткен жігіттің денесін сол күні кешкі…
Толығырақ »Әжетханадан 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Бүгін кешкі сағат 10 шамасында Атырау қаласындағы Қара Депо ықшамауданында орналасқан жеке тұрғын үйдің сыртқы дәретханасынан алты жасар қыздың мәйіті табылды. Баланың денесін 2 метр тереңдікте қазылған дәретхана шұңқырынан туыстары алып шыққан. Үйіндегілердің айтуынша, қыз бала шамамен 19:50-де аулаға ойнауға шығып кеткен екен. Осыған байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті…
Толығырақ »Коронавирус Қызылқоғаны қыса бастады
Бүгін Қызылқоға ауданындағы Жедел штаб аудан бойынша коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 24-ке жеткенін хабарлады. Аудан орталығы Миялы ауылынан 19, Кенбай учаскелік вахталық қалашығынан 4 және Мұқыр ауылынан 1 адамнан вирус табылған. Қазіргі уақытта қауіпті індеттен емделіп жатқан 9 адам болса, 15 адам оқшау жерге орналастырылды.
Толығырақ »Маса мазаны алмайтын болады…
Облыс орталығын масадан тазарту жұмыстары екі ауысымда үздіксіз атқарылуда, — деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі. Атырау қаласының климаттық жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, зиянкестерге қарсы күрес биыл сәуір айының басында басталып кеткен еді. Этномолог маман Айнагүл Дәулетьярованың айтуынша, қаладағы дезинсекциялық жұмыстарға 6 бригада жұмылдырылған. Олардың екеуі таңғы сағат тоғыздан кешкі…
Толығырақ »









