Құлсары құлпыра түспек

Алдағы уақытта Құлсары қаласында орналасқан орталық стадионды жаңа үлгіде көретін боламыз. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігі хабарлады.
Құрылысын ТШО компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында «АВС Лимитед» мердігер мекемесі жүргізіп жатқан футбол алаңына енді 3000 жанкүйер сыятын болады.
Заманға сай жабдықталатын стадион кешеніне бассейн мен спортзал, кең автотұрақ салу жоспарда бар.
Сонымен қатар, Құлсарыда Құрсай өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарының екінші кезеңі басталып кетті. ⠀
Құрылыс Махамбет даңғылында орналасқан көпірден бастап Қ.Сыдиықов көшесінің артқы жағын бойлай, 5 ықшамауданы мен 7-ауыл арасындағы жаяу жүргіншілер көпіріне дейін жүргізілмекші.⠀
Көпір құрылысын «Орлан» ЖШС мекемесі мойнына алған.