Аймақ
Жайыққа бекіре шабақтары жіберілуде
Жайық өзеніне 7 млн.-нан астам бекіретұқымдас балықтың шабағы жіберілді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. — Бекіре тұқымдас балық түрлерін сақтау және оларды тұрақты пайдалануды реттеу мақсатында балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Атырау» бекіре балық өсіру зауыты мен «Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру…
Толығырақ »Елтайда 12,5 шақырым жол жөнделеді
Елтай ауылында ұзындығы 12,5 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолы күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. Мердігер мекеме «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС жобаны 9 айда аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта құрылысшылар топырақ төсеу және тегістеу жұмыстарын бастап кетті. Аталған жоба аясында 194…
Толығырақ »Түрмеге «Сергек» камералары орнатылды
Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, УГ-157/9 ерлер түзеу колониясының ішіне 30-дан астам камера қондырылған. — Сырттан келетін азаматтардың тәртіп бұзуын болдырмас үшін УГ-157/9 мекемесі ғимаратында «Сергек» камералары орнатылды. Бейнебақылау жүйесі Атырау қаласының жедел полиция бөлімі орталығы мен кезекші бөлімге қосылған. Осылайша, қауіпсіздік күшейтілді. Колониядағы камералар жазаларын…
Толығырақ »Облысымызда жол-көлік оқиғалары азайды
2020 жылғы қаңтар–маусым айларының аралығында Атырау облысында жол апаттарының саны былтырғымен салыстырғанда 44 пайызға азайған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Жыл басынан облыс жолдарында 90 жол-көлік оқиғасы орын алып, 119 адам зардап шекті, ал өткен жылдың бірінші жартыжылдығында 224 адам денсаулығына зардап келтірген 134 жол көлік оқиғалары тіркелді. Апат салдарынан қаза…
Толығырақ »Өндірісті және жұмыс орындарын сақтап қалу – мақсатымыз
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевпен кездесті. Жүздесуде пандемия жағдайындағы өндірісті дамыту мәселелері талқыланды» деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі. – Қазіргі уақытта бірінші кезекте індетке қарсы жасалып жатқан жұмыстар мәселесі өте өзекті. Мұнай-газ саласында тек Атыраудың ғана емес, еліміздің көптеген өңірлерінен келген азаматтар…
Толығырақ »Атырауда жаңа полигон салынады
Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты. Жиында халықтан бірнеше сұрақ келіп түсті. Солардың бірі әлеуметтік желілерде жиі көтерілетін Атыраудағы жағымсыз иіске қатысты болды. Осы мәселе қалай шешілетініне министр жауап берді. — Мұндай жағдай шілденің басында басталды.…
Толығырақ »Жөндеуге бөлінген қаржыны жеп қойды
Атырау облысында кәсіпорын директорының орынбасары 4,7 млн. теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлады. Атырау облыстық Экономикалық тергеу департаменті ЖШС директорының орынбасарына қатысты ҚР ҚК-нің 189-б. 3-б. 1-тармағы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық істі тергеп-тексеруді…
Толығырақ »Қара түтіннен қауіп жоқ
Атырауда қара түтінмен ұшқан ұшақ туралы авиация мамандары түсінік берді. Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі хабарлады. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің артынан шыққан қара түтінді байқауға болады. Осыған байланысты авиация мамандары өз пікірлерін білдірді. Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейінгі…
Толығырақ »Атыраудағы айлалы масамен күрес – күрделі жұмыс
Облыс орталығында маса улаудың 7-нші сатысы жүргізілуде. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Мамандардың айтуынша, жылдан-жылға маса улау жұмыстары күрделене түскен. Өйткені, адам қанымен қоректенетін қансорғыш экологияның кез-келген жағдайына тез бейімделеді. Соның салдарынан маса улауға арналған дәрілік заттарды үнемі өзгертіп отыруға тура келеді екен. Соңғы уақытта жаңа «мистраль» препараты…
Толығырақ »Атырауда су беру уақытша тоқтайды
Бүгін сағат 14:00-ден бастап СМП-136 ықшамауданы №6-үй аумағы су құбырындағы апатты жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жұмыстардың орындалуына байланысты су беру уақытша тоқтатылады. Бұл жөнінде «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы хабарлады. Апатты қалпына келтіру жұмыстары орындалған кезде төмендегі мекен-жайларға су беру уақытша тоқтатылады: Көпқабатты тұрғын үйлер: Махамбет көшесі №114а, б, в,…
Толығырақ »









