Түрмеге «Сергек» камералары орнатылды

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, УГ-157/9 ерлер түзеу колониясының ішіне 30-дан астам камера қондырылған.
— Сырттан келетін азаматтардың тәртіп бұзуын болдырмас үшін УГ-157/9 мекемесі ғимаратында «Сергек» камералары орнатылды. Бейнебақылау жүйесі Атырау қаласының жедел полиция бөлімі орталығы мен кезекші бөлімге қосылған. Осылайша, қауіпсіздік күшейтілді. Колониядағы камералар жазаларын өтеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік корпусқа, шаруашылық бөлімге, кездесу бөлмелері мен дәліздерге орнатылды. Осыдан кейін тәртіп бұзу азаяды деп есептейміз, сонымен қатар, сотталғандар шағымданған жағдайда, жедел тексеру жүргізуге мүмкіндік болады, — деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.