Жаңалықтар - Заң - 26.09.2023

Заңсыз балық аулаған 2 тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырауда заңсыз балық аулаған екі тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы хабарлады, дейді “Батыс-Инфо»

Инспекция мамандары Каспий теңізінің Атырау облысы аумағындағы «Жаркөсе» учаскесінде екі тұрғынды ұстап, олардан 95 келіден астам қара балық тәркілеген.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Фото Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми парақшасынан алынды