Спорт - 25.09.2023

«АTYRAU MARATHON-2023» марафонына 2 мыңнан астам адам қатысты

Атырауда қала күніне орай өткен марафонға 2 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды «Батыс-Инфо»

Олардың арасында өзге облыс тұрғындары да бар. Спортшылар  Бейбарыс сұлтан атындағы алаңнан бастап Қ.Сәтпаев көшесінің бойымен Әбілқайыр хан даңғылына дейін 5, 10, 21.1 және 42.2 шақырымға жүгірді. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған іс-шара қатысушылардың көңілінен шықты.

Марафонға қатысқан спортшыларға естелік медалдар табысталды. Ал жеңімпаз ерлер мен әйелдер жас санаттары бойынша ақшалай сыйлықтармен марапатталды.