Ішіп алып көлік басқарғандар азаймай тұр
Жыл басынан Атырау қаласы аумағында патрульдік полиция қызметкерлері алкогольді ішімдік ішіп алып автокөлік басқарған 432 жүргізушіні ұстады. Оның 385-іне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталған. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен бұл жүргізушілер 15-20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Қыркүйек айының алғашқы екі аптасының өзінде 30 мас жүргізуші ұсталды. Олардың арасында 24 азматқа ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама толтырылып, 15 тәулікке қамаққа алынды. Тексеру кезінде 6 азаматтың бұдан бұрын жүргізуші құқығынан айырылғандығы анықталып, оларға қатысты тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша жүргізілуде.