Президент жаңа министрді қабылдады

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президентке қайта құрылған министрліктің құрылымы, басқа мемлекеттік органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір функцияларды, мемлекеттік материалдық қорды беру үдерісі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің құрамына кірген әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары туралы баяндалды.
Юрий Ильин мемлекет басшысына осы жылдың 8 айындағы төтенше жағдайлардың, табиғи және техногендік апаттардың, сондай-ақ, осындай жағдайларда қаза болғандар санының азайғаны туралы да ақпарат берді. Кездесу қорытындысы бойынша президент жылыту маусымымен және қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу, түрлі төтенше жағдайларды азайту, қар бұрқасындарына әзірлік және көктемгі тасқындар мен елдімекендерді су басу қаупінің алдын алу мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.