Қаруы барлар – қатаң бақылауда
Өткен демалыс күндері «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік инспекторлар тұрғылықты жері бойынша және аңшылық алқаптар орындарында азаматтық қаруы бар 35 адамды тексерді.
Тексеру барысында қайта тіркеу мен есепке қою тәртібін бұзған 14 дерек пен азаматтық қаруды сақтау және алып жүру бойынша он шақты заңбұзушылық анықталып, 5 қару тәркіленді. Қару иелері ҚР ӘҚБтК-нің 484,486-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.