Пандемияның екінші толқынына дайындық қалай?
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәлімдеуінше Атырау медицинасы короновирустың екінші толқынына дайын.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жергілікті журналистермен кездесу барысында пандемияның екінші толқыны болған жағдайда медициналық ұйымдар қорғаныш құрал-жабдықтармен толықтай қамтылғанын айтты.
⠀
– Короновирус пандемиясы өршіген тұста өңірде 390 орындық провизорлық стационар қызмет етті. Қазіргі уақытта 75 кереует қалдырылып отыр. Бүгінгі мəлімет бойынша, онда 40 науқас ем қабылдауда. Қалай болғанда да, пандемияның екінші толқынына дайын болуымыз керек. Бүгінгі таңда дəрі-дəрмектің 1,5 айлық қоры бар. Сондай-ақ, облыс ауруханаларында кислородтық қондырғылар орнатылуда, – деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
⠀
Бүгінгі таңда №2 облыстық ауруханасы, Атырау облыстық перинаталдық орталығы, облыстық кардиоорталық, Махамбет аудандық орталық ауруханасында барлығы 75 орындық провизорлық кереует бар.