Жол жиектерін ұрлаушы ұсталды
Атырау облысының Индер ауданында полицейлер ұрлық қылмысын әшкереледі.
Аудан тәртіп сақшылары кент ішіне жол салып жатқан ЖШС-нің біріне тиесілі 126 дана жол жиектері – бордюрлердің қолды болғанын анықтады. Жедел іздестіру шаралары барысындар қылмысқа күдікті анықталып, ұсталды.
— Ұры алыстан келмепті, мекеме жұмысшыларының бірі болып шықты.
Тексеру барысында, бөтеннің мүлкін жымқырған азамат оны аудан тұрғынына 30 мың теңгеге сатып жібергені белгілі болды, — деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
25 жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша жүргізілуде.