Құдыққа құлаған баланың жағдайы ауыр

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 11-тамыз сағат 23:15-те Атырау қаласы Ақсай-2 ауылы 23-көшеде ересектердің қарауынсыз қалған 1 жасар бала өз үйінің аумағында орналасқан құдыққа құлаған. Қазіргі уақытта оның облыстық балалар ауруханасында жатқаны және жағдайының ауыр екені белгілі болды.
Осыған орай, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды ескертеді.