Карантин шараларын кезең-кезеңмен алу тапсырылды
Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқанын баяндады. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.
Жиын барысында министр, қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралу деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштердің төмендегенін жеткізді.
— Соның ішінде вирусты репрадуктивтің деңгейі орташа 0,82%-ға дейін төмендеді, емделіп шыққандардың үлесі 3,6%-ды құрап отыр, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Бұл ретте ауруханалардың жүктемесі 60%-ға және жедел жәрдем шақыру 62%-ға төмендеді. Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді, — деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, ол қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырды.