Карантиннің қандай жағдайда жеңілдейтіні белгілі болды
Атырау облысындағы карантиндік шаралардың қандай жағдайда жеңілдетілетіні айтылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Тұрғындар санитарлық талаптар мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда карантиндік шараларды жеңілдету мәселесі қарастырылады.
— Қазіргі уақытта аймақтағы эпидемиологиялық жағдай шектеу шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен зертханалық зерттеулер көлемін арттырудың нәтижесінде тұрақтануда.
Жалпы алғанда, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар ішінде Теңіздегі жұмысшылардың үлесі 40 пайызға жетеді. Сонымен бірге, бізде шілде айының бірінші жартысында орташа өсім 3,5-тен 5%, тіпті 10% -ға дейін барды. Бүгінде бұл көрсеткіш 1,5%-дан 2%-ға дейін төмендеді. Тәулігіне орта есеппен 40–160-тан 190–200 жағдайға дейін тіркеліп отыр. Егер тұрғындар шектеу шараларын, сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтар болса, 3-тамыздан кейін карантиндік шараларды жеңілдету мәселесі қарастырылатын болады, — деді Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов.