Елтайда 12,5 шақырым жол жөнделеді
Елтай ауылында ұзындығы 12,5 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолы күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты.
Мердігер мекеме «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС жобаны 9 айда аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта құрылысшылар топырақ төсеу және тегістеу жұмыстарын бастап кетті.
Аталған жоба аясында 194 адамды қызметке орналастыру жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталығы арқылы қарастырылған.