Атырау облысына 108 медицина маманы келмек
Атырау облысындағы күрделі жағдайды тұрақтандыру үшін аймаққа медицина қызметкерлері келеді. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен денсаулық сақтау министрлігі Атырау және Маңғыстау облыстарындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін өңірлерге вирусолог, дәрігер-инфекционист, реаниматолог, пульмонолог сынды мамандардан тұратын бірнеше топ медицина қызметкерін жібереді. Сондай-ақ, олардың қатарында ресейлік дәрігерлер де болады.
Атырау облысына 108 маман келмек. Делегация құрамында бас мемлекеттік санитар дәрігердің басшылығымен тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің 5 маманы, клиникалық кафедралардан 10 ғалым, «Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ клиникасынан 9 резидент, сондай-ақ, құрамында пульмонолог, реаниматолог және инфекционист бар ресейлік 6 дәрігер болады.