Колледжге EGOV арқылы құжат тапсыра аласыз

Колледждерге Egov арқылы өтінім беруге болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білімді цифрлық трансформациялау Департаментінің директоры Қанат Кенбай онлайн конференцияда айтты. 

– Білім және ғылым министрлігі биыл Egov.kz порталы арқылы электронды форматтағы қызметті іске қосты. Порталда «Білім» айдары бар. Оған енсеңіз «Колледждер» бөлімін таңдайсыз. Артынша, «Техникалық және кәсіптік білім үшін құжаттарды қабылдау» атты бөлім шығады. Соған басу арқылы қосымша қандай қызметтерді алуға болатынын да көруге болады. Біз олардың бәрін біріктіріп, оңтайландырдық, – деді Қанат Кенбай Білім және ғылым министрлігінің онлайн конференциясында.

Оның айтуынша, жүйеге тіркелген соң, жүйе өтінім беруге мүмкіндік жасайды. Кейін Egov өтінімді Білім және ғылым министрлігіне жолдайды. Бұл – өтінімдердің орталықтандырылған қабылдау жүйесі. Қандай өтінімдердің түскенін министрлік көріп отырады екен.

Бүгінге дейін электронды 140 өтінім қабылданған.