“Қазақстан халқына” қоры Атырауға 2 млрд. теңге қаражат бөлген

«Қазақстан халқына» қоры Атырау облысына 2,1 млрд. теңге қаражат бөлген. Бұл туралы жергілікті телеарналардың бірі хабарлады.

1 жылдан астам уақыт ішінде қордан бөлінген 1,4 млрд. теңгеге 8 атыраулыққа дәрі сатып алынса, 2 тұрғынға Оңтүстік Корея мен Үндістанда емделу үшін 74,7 млн. теңге берілген.

Шалғайдағы халық та назардан тыс қалмады. Құрманғазы ауданындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартуға қор тарапынан ақша бөлінген.

Ал қазіргі уақытта 1,2 млрд теңгенің жұмыстары жасалуда.

Одан бөлек, «Қазақстан халқына» қоры облыстық балалар ауруханасын медициналық жабдықпен қамтамасыз етпек. Ол үшін 95 млн. теңге бөлу көзделіп отыр.

 

Фото ortcom.kz сайтынан алынған.