Спорт - 18.09.2023

Қазақ палуаны әлем чемионатының қола жүлдегері атанды

Қазақ палуаны әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

«Қазақстандық еркін күрес палуаны Азамат Дәулетбеков Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды» деп хабарлайды»Батыс-Инфо».

86 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Азамат қола медаль үшін тартыстың соңғы секундында бахрейндік Магомед Шариповты 4:3 есебімен жеңіп, жаһандық доданың қола жүлдесін еншіледі.

Азамат үшін бұл жүлде аса маңызды еді. Себебі қазақстандық спортшы Париж Олимпиасының лицензиясына қол жеткізді. Осылайша, Азамат былтырғы жетістігін қайталады.