Аймақ - Спорт - 23.04.2021

«Атырау» ел чемпиондарын жерге қаратты

Футболдан Қазақстан чемпионатының 7 туры аясында жергілікті «Атырау» клубы алматылық «Қайратты» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

«Мұнайшыда» өткен ойын алма-кезек шабуылдармен басталса да, бірінші таймда есеп ашылмады. Тек кездесудің екінші бөлігінде, яғни 47-минутта алаң иелері сапынан Жасұлан Қайыркенов гол соқты.

Бұл – атыраулықтардың биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңісі. Осыдан кейін жергілікті футбол клубы 5 ұпай жинап, 10-ыншы орынға көтерілді. Ал «Қайрат» 12 ұпаймен үздік төрттікке ілігіп тұр. Бірақ осы уақытқа дейін 10 ұпай иеленген 5-інші орындағы «Ордабасының» 5 ойын өткізгенін ескерсек, ел чемпиондарына ертерек ойлану керек-ақ.