Спорт - 23.04.2021

«Атырау» футзал командасы – Қазақстан чемпионатының финалында

Алматыда футзалдан ел чемпионатының жартылай финалдық кездесулерінің соңғы матчы өтті. «Ақтөбемен» кездескен «Атырау» футболшылары 8:3 есебімен басым түсті.

Осыған дейін жалпы есеп 2:2 болған еді. Шешуші ойында атыраулық спортшылар өздерінің мықтылығын танытып, қарсыластарын тас-талқан етті. Енді «Атырау» финалда алматылық «Қайратпен» чемпиондыққа таласады.

Гол соққандар:

0-1 Келсон
0-2 Эрик Данило
1-2 Део
1-3 Сарбасов
1-4 Эвертон
1-5 Сарбасов
1-6 Эрик Данило
2-6 Көлбаев
3-6 Витао
3-7 Сенезио
3-8 Жұмахмет

Бұл – Атырау футзалы тарихындағы айтулы оқиға. Өйткені, команда УЕФА чемпиондар лигасына жолдама алып отыр.