Атырауға «Спутник V» вакцинасының 8 000 дозасы жеткізілді

Өңірде халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін, 9 сәуірде Атырауға екі компонентті «Спутник V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді. Оны Атырау облысындағы егу пунктіне бөлу жоспарлануда. Вакцина аудандық жерлерге арнайы температурадағы мұздатқыштарға салынып жеткізіледі.

Облыс емханаларында «Спутник V» жаңа партиясымен вакцинациялаудың басталғаны туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда және БАҚ-та хабарланатын болады.