Аймақ - Әлеумет - 07.04.2021

АМӨЗ булану алқаптарын қалпына келтіру жұмыстарын бастады

Жоба зауыттың сарқынды суларын булану алқабына ағызуды кезең-кезеңімен тоқтатуды көздейді.

Жақын арада алқаптарға кіреберіс жолдарды, алқаптардың қалалық бөлігі мен АМӨЗ-ге тиесілі бөлігі арасында қоршау бөгетін салуға арналған алаңдарды дайындау басталады.
Әрі қарай, жоба технологиясына сәйкес, булану өрістерінің аумағын 4 секторға бөліп, құрғата бастайды.

– Біз сарқынды суларды жоғары сапалы тазартуды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға ластаушы заттардың тасталуын айтарлықтай төмендететін заманауи технологиялық процестерді іске қосамыз, – дейді АМӨЗ ЖШС Бас директоры Ш.Данбай.

Зауыт басшылығы бұл жобаның экологиялық мәселелерді ғана емес, сонымен қатар аймаққа тән әлеуметтік мәселелерді де шешуге бағытталғандығын айтады.