Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы тексеріске байланысты жұмысын уақытша тоқтатады

Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы тексеріске байланысты жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Батыс-Инфо»

Жоспарлы тексеру жұмыстары 1-3 қазан аралығында өткізілмек. Бұл уақытта жөнелтілетін мұнай көлемі алдын ала жинақталған қор есебінен өтеледі. Қазірдің өзінде зауыттың резервуарларында жинақталған 36 мың тонна автобензин және 32 мың тонна дизель отыны бар.

Сонымен бірге, зауыт басшылығы қазан айында 16 мың тонна бензин және 28 мың тонна дизель отынын өндіруді жоспарлап отыр.