Денсаулық - 11.05.2021

Мұнайшылар COVID-19-ға қарсы екпе алуда

«Ембімұнайгаз» АҚ-да қызметкерлерді тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған пункттерде және жұмыс орындарында вакцинациялау ұйымдастырылуда. Бұл туралы мекеменің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылды.

Екпе алуға ниет білдірген вахтадағы қызметкерлер бекітілген тізімге сәйкес қызметтік көлікпен егу пункттеріне жеткізіледі. Вахтааралық демалыстағы қызметкерлер ЕМГ жанындағы пункттерде немесе тұрғылықты жері бойынша емханаларда вакцинациялануға мүмкіндігі бар.

– Бүгінгі күні вакцинация – коронавирустық инфекциядан сақтанудың жалғыз тиімді әдісі болып табылады. Пандемияға орай өмірімізге енген шектеулерден арылып, тезірек қалыпты өмірімізге оралу уақытылы және жаппай вакцинацияға тікелей байланысты. Жауапкершілігі мол жұмыс беруші ретінде Компания пандемияның кезеңінде қызметкерлеріміздің эпидемиологиялық қауіпсіздігі бойынша барлық шараларды қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта Атырау қаласы Ш.Уәлиханов көшесіндегі «Интертич» филиалында және «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ кеңсесі жанында ғимаратта 2 вакцинациялау пункті ашылды. Компанияның басқа өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде вакцинациялау пункттерін ашу бойынша жұмыстары жүргізілуде, — деп атап өтті алғашқылардың бірі болып ағымдағы жылдың ақпан айында вакцина алған ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова.

– Пандемия біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті. «Қызыл аймақ» сөз тіркесін тіпті балалар да жаттап алды. Өзімізді Covid-19 инфекциясынан сақтау мүмкіндігі пайда болған кезде-ақ міндетті түрде вакцина алу жөнінде туралы шешім қабылдадым. Екпе алуға мені өз денсаулығым және туыстарым, жақындарым мен ұжымымның алдындағы жауапкершілігім жетеледі. Жаппай вакцинация ғана тез арада ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және бұрынғы өмір сапасына оралуға мүмкіндік береді, — дейді «Қайнармұнайгаз» МГӨБ кадр жөніндегі маманы Шынар Ермұханова.