Балаларға барлық жағдай жасалған

Атырау облысында балалар арасында жедел респираторлық вирустық жұқпаның өршуі жоқ және өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
№2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешованың айтуынша, жедел респираторлық вирустық жұқпаға қатысты маусымдық ахуал тұрақты. Вирустық жұқпалы аурулар өрши қалған тұста №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы дәрімен толықтай қамтылған.
Осы жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейінгі мәліметке сүйенсек, жұқпалы аурулар ауруханасында КВИ-мен 30 бала ауырып, емделіп шықты.