Облыс әкімінің бірінші орынбасары ұсталды

Пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысы ұсталды. Бұл туралы azh.kz хабарлады.

Бүгін 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталды.

Оларды Астанадан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері ұстаған. Істің егжей-тегжейі әлі хабарланған жоқ.