Бекіре аулағандар ұсталды

Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері 8 қыркүйек күні Жайық өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында «Yamaha-40» аспалы қозғалтқышы бар Бударка қайығын тоқтатты.
Тексеріс барысында, қайықтағы Дамба ауылының 36 жастағы екі тұрғынынан екі қапқа салынған жалпы салмағы 60 келіге жуық бекіре тұқымдас балық, 40 келі сазан мен бірнеше ау құралдары табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта екі азамат уақытша ұстау орнында. Және қылмыстық кодекстің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.