Атырауда балалар ауруы туралы жалған ақпарат тарады

Әлеуметтік желілерде тараған Атырауда балалар арасында жедел ішек ауруы, диарея көбейді делінген ақпарат – жалған. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрқабыл Айтмұханбетовтың айтуынша, 1 тамыздан 4 қыркүйекке дейінгі аралықта облыстық балалар ауруханасынан 62 науқас емделіп шыққан.
– Өткен жылдың дәл осы кезеңінде жұқпалы аурумен 208 науқас қабылданса, биыл бұл көрсеткіш 146 науқасқа азайды. Әлеуметтік желіде балалар арасында диарея көбейді деп жалған ақпарат тарауда, – дейді Нұрқабыл Айтмұханбетов.