1,2 мыңнан аса медқызметкер МӘСҚ-тан төлем алды

СOVID-19-бен күресуге тартылып, коронавирустық инфекция мен вирустық пневмонияны жұқтырған 1 259 медицина қызметкері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.
7 қыркүйек сағат 9:00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1 259 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 11 медицина қызметкеріне өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн. теңге; COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн. теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.