Қамыс өрті сөндірілді

Атырау облысында Каспий теңізі жағалауында бірнеше күн бойы жанып жатқан қамыс арасындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкент қаласынан ұшып жеткен «Қазавиақұтқару» АҚ-ның «МИ-17» тікұшағы, Атырау облысы ТЖД, Орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы органдардан 93 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылып 6 қыркүйек сағат 17:21-де өрт сөндірілді.