Жаңа экономикалық бағыттың басты 7 қағидаты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады. Бұл туралы бақ.кз хабарлады.
Президент қазіргі жағдайдағы экономикалық дамуы жайлы айта келе, ұзақмерзімді мұнайлы кезең аяқталғанын жеткізді.
– Енді әлемдік нарықтың жаңа конъюнктурасына дайын болуымыз керек. Диверсификацияланған технологиялық экономиканы құру біз үшін жай қажеттілік емес, басқа жол жоқ. Бұған қарамастан экономика халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс істеуін жалғастыруы керек. Табыс тиімді әлеуметтік жобаларға бөлініп тұруы керек. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты жеті қағидатқа негізделу керек, – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөлінуі қажет.
– Екіншісі – жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, үшінші – әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу, төртінші – өндіріс көлемін арттыру. Бесінші – адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю, алтыншы – қоршаған ортаны жасылдандыру экономикасы, жетінші – мемлекеттің басты мәселені шешуі мен соған қоғам алдында жауап беруі. Оның ішінде біз бәсекелесе отырып, өзіміздің нағыз әлеуетімізбен еңсеруіміз керек, – деді ол.