Пульсоксиметр мен оттегі жастықтары табысталды
Атырау қаласы жедел жәрдем стансасының қызметкерлеріне пульсоксиметрлер мен оттегі жастықтары тапсырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
– Шілде айында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен елдің барлық аймақтары қолдаған #мейірімділіквирусы атты республикалық қайырымдылық марафоны іске қосылған. Компания басшылығының бірі қажеттілік туындау есебімен пульсоксиметрлер мен оттегі жастықтарын сатып алу шешімін қабылдады. Атыраудағы жедел жәрдем стансасына 20 пульсоксиметр мен 150 оттегі жастығы тапсырылды, – деп хабарлады Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.