Махамбеттегі науқастың бәрі жазылып шықты
Қазіргі уақытта Атырау облысы Махамбет ауданында коронавируспен ауыратындар жоқ. Қауіпті індет жұқтырған соңғы үш науқас осы айда дертінен айығып шыққан. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
⠀
Ауданда наурыз айынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырудың 197 жағдайы анықталған. Оның ішінде 192 адам жазылып шықса, 5 науқас көз жұмды.
⠀
— 16-тамыздағы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта Махамбет ауданында коронавируспен ауыратындар тіркелмеген. Соңғы үш науқас коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткеннен кейін үйіне шығарылды, — деп мәлімдеді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.