Жасөспірімдер қылмысы азайды
2020 жылдың 7 айында Атырау облысында жасөспірімдер тарапынан жасалған 39 қылмыс тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,3% — ға азайған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тәртіп сақшылары мен полиция органдарына жеткізілген 1 551 кәмелетке толмаған баланың 1 495-і әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған.
Жыл басынан ішкі істер органдарының есебіне 78 жасөспірім және 42 тұрмысы нашар отбасы алынды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына полиция қызметкерлері 39 жасөспірімді, ал 2006 жылы туған жасөспірім девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа рәсімделді.
Ата-аналар мен басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауының 85 фактісі анықталды (ҚР ӘҚБтК 127-бабы), олардың арасында13-і кәмелетке толмағандардың ішімдік ішу деректері бойынша.
Сонымен қатар, 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде және 23:00-ден кейін ересектерсіз үйден тыс жерде болған 1 400-ден астам жасөспірім анықталды. Барлық жағдайларда балалардың ата-аналарына немесе
олардың заңды өкілдеріне
әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар қабылданды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына полиция қызметкерлерімен жинақталған 62 құжат жіберіліп, 3 жағдай ата-ана құқықтарының шектелуімен аяқталды.