Атырауда алаяқ ұсталды

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту, сондай-ақ, алаяқтық дерегімен іздеуде болған азамат ұсталды.
Атырау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шарасының нәтижесінде күдіктіні Орал қаласында қолға түсірген.
– Ұсталған күдікті оқшаулау орнына қамалды. Күдіктіге биылғы ақпанда іздеу жарияланғанып, Полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің, «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының филиалдары азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты өтініштер түскен еді. Қазір тұрғындардың өтініштері негізінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.