Ұры үш жылдан кейін ұсталды

Атырау облысында үш жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды. Бұл туралы Атырау облысының Полиция департаменті хабарлады.
— Жыл басынан бері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде «өткен жылдар» санатындағы 92 ұрлық әшкереленді, — деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Оның ішінде Махамбет полицейлері 2017 жылы Алмалы ауылында жасалған ұрлықтың беті ашылған. Зардап шегушінің саяжайынан ұры планшет, ақша және басқа да заттарды қолды етіпті. Қазір ол қамауға алынып, өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.