Жоғалған әйел мен бала табылды

1980 жылғы әйел мен бір жарым жастағы сәби «Дина» базары маңынан табылды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кеше кезекшілік полиция қызметіне қала тұрғынынан өзінің бір жарым жасар қызы мен туған апасының жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Олар Қажымбаев көшесінде орналасқан үйден кешкі сағат 17:30-да шығып, оралмаған. Кішкентай бала мен әйелді іздеуге Атырау қаласы полиция бөлімінің барлық қызметкерлері жұмылдырылды.⠀
— Іздеу жұмыстарына белсенді қатысқан барлық еріктілер мен жергілікті тұрғындарға алғысымызды білдіреміз. Полиция із-түзсіз жоғалған әйел мен сәбиді «Дина» базарынан тапты. Олар қазіргі уақытта өз үйлерінде жақындарымен бірге, жағдайлары жақсы, — деді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.