Индердегі тұзды көлге шомылуға тыйым салынды

Тұзды көл мен жасанды карьерлерге баруға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
— Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, демалушылардың шамадан тыс жиналуына байланысты 28-шілдеден бастап Индер ауданындағы Тұздыкөлге және жасанды карьерлерге баруға уақытша тыйым салынады, — делінген хабарламада.