Жағдайы ауыр науқастарға 1,5 млн. теңге бөлінеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша қаржы бөлінетінін айтты.
– Коронавирустық инфекцияны диагностикалау, емдеу және оның асқынуына байланысты барлық шығынды медициналық ұйымға өтеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры науқастардың жағдайының деңгейін ескере отырып тарифтер әзірледі, — деді Төкежанов ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, коронавирусты жеңіл өткізіп жатқандардың емделуіне 292,6 мың теңге, орташа деңгейдегі науқастарға 446,1 мың теңге, жағдайы ауыр науқастарға 1,5 миллион теңге бөлінеді. Ал жағдайы өте нашар науқастардың емделуіне әрқайсына қор 1,7 миллион теңге бөледі.