Емханалардың жұмыс жүйесі нақтыланды

Елдегі індетке байланысты аймақта емханалардың онлайн режимдегі жұмысы жалғасуда, — деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта емханалар жұмыс күндері 8:30–18:00 аралығында, сенбі күндері сағат 15:00-ге дейін тұрғындарға онлайн режимде кеңес береді.
— Шұғыл жағдай орын алғанда ғана учаскелік дәрігерге хабарласу арқылы анализ тапсыруға жолдама алуға болады. Анализдер сағат сағат 8:00-ден 9:30-ға дейін алынады.
Қазіргі уақытта емханалар жүкті әйелдерден анализ сынамаларын алып, акушер-гинекологтар оларға қабылдау жүргізіп отыр. Қажет жағдайда науқастарды офлайн режимде қабылдау үшін емханада жекелеген мамандар да қызмет атқаруда, — деп мәлімдеді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Тұрғындар емхана жұмысына байланысты кез-келген мәселе жөнінде емхананың анықтама бөліміне немесе 103, 112 нөмірлеріне хабарласса болады.