Атырауда 103-ке хабарласу азайды

Атырауда 103 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалушылар саны екі есеге азайған. Бұл туралы хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
Облыс тұрғындары коронавирустың жеңіл түріне және вирустық инфекцияларға шалдыққан науқастармен қатар онлайн режимде дәрігерлер кеңесін ала алады.
Облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, қазіргі уақытта 103 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласушылар саны едәуір төмендеген.
— 20 маусымнан бастап қоңырау шалушылар көп болды, тәулігіне 1300 қоңырау келіп түсетін. Қазір олардың саны ауданның 300 қоңырауын қосқанда шамамен 720-730. Осылайша келіп түсетін қоңыраулар 25 пайызға азайып, онлайн-консультациялар саны да кеміді. Хабарласушылар дене қызулары көтеріліп, оларда коронавирус инфекциясының белгілері бар-жоғын анықтағысы келген, сондай-ақ, мұндай жағдайда не істеу керек, қайда барып, қандай ем қабылдау қажеттігін сұрайтын азаматтар, — дейді облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаева.
Бүгінде бұл орталықта 36 тәжірбиелі маман қызмет етеді. Олар 4 ауысыммен тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.