Қытайдан көмек келді
Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Қоғамдық бақылау тобы гуманитарлық көмек түрінде келген жүкті қабылдап алу, жүкті түсіру, санау жұмыстарына тікелей қатысты. Олардың медициналық ұйымдарға бөлінуін жіті өздері бақылайтын болады.
Қытайдан Атырауға 47 990 медициналық тауар жеткізді. Оның ішінде 1 600 медициналық қорғаныш комбинезоны, 3 700 қорғаныш көзілдірігі, 8 200 бір реттік қолғап, 50 сенсор термометр, 5 700 медициналық және 29 040 хирургиялық маска бар.
Бұл тауарлар Геолог емханасында орналасқан Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жіберілді.