Коронавирус пен пневмония бірге есептеледі
Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
– Коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтердің ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді тіркеу және ақпараттандырудың жаңа амал-әдістерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, біз КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылдадық, – деді Алексей Цой.
Оның айтуынша, осылайша COVID-19 ауруының зертханалық тұрғыда дәлелденген жағдайлары – ПТР тест теріс нәтижелі, бірақ COVID-19 клиникалық және эпидемиологиялық белгілерімен ұқсас пневмония жағдайымен теңестіріледі.
Халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодын қолдана отырып, COVID-19 кодтауына толық өту 1 тамызда басталады.